Көк дауылмен жағаласып кемеміз, Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз. О, Жасаған! Өстіп жүріп бір күні Өлеміз-ау, Өлеміз-ау, Өлеміз! Кейбіреулер соны неге ұқпайды, Қадалады жүрегіме мұң-қайғы. Мен де өлемін, Менің бірақ есімім Жазушылар тізімінен шықпайды! Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем, Гүлдей солам, Бірақ қайта көгерем: Тірілердің көзіне оттай басылар, Талай-талай немерем мен шөберем. Өліп-өшкен ғашық жігіт Күніне Мендік көзбен қарар сүйген гүліне. Мен болмаспын, Бірақ сөзім оралар Сайрап тұрған шешендердің тіліне. Жүрек неге, Өкпе неге алқынды? Қимайды ма өте шыққан бал күнді? Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан, Әлі талай ду күлдірер халқымды. Амал қанша! Татар дәмім таусылды. Қабірстан құшағымен қаусырды… Жоқ! Өлмеймін! Елім талай естиді Лентаға жазып алған даусымды! Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда. Жоқ! Өлмеймін! Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен Бірдей екен жақсысы жаманымен: Бір жаманы – тынымсыз көше берген, Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен, Бір жақсысы – тілге ерік берген екен. Бір жаманы – кетпенге орашолақ, Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан, Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан. Бір жаманы – қыздарын малға сатып, Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған, Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған. Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне, Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған, Бірге тоңып суықта, бір мұздаған. Бір жаманы –сонда да үй салмаған, Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады.[1]
Жоқ, өлмеймін!
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.