Мәтіннен оқшау сөздердің түрлерін анықтап, сөйлемдерді көшіріп жаз. Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан бірге кешірген ауыр күндерді есіңе алшы. Біз неміс қоршауында, өлімнің аузында бірге өлуге серттесіп едік. Қоршаған жау жанымызды алмақ болып еді. Бірақ біз берілмеп ек. Сенің сол ауыр минутта өлсем, артымда балам бар, атым өшпейді деп мақтанғаның әлі есімде. Екі жастағы кішкене бөбегің саған өлімнің алдында әл-қуат болып еді. Сенсіз басымнан еткізген осындай ауыр минуттарда: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар», - деп кейінгі ұрпақтарды бел етіп, мен де талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы! Сен мұны мақтан ет, кеудеңді жоғары сал! Ендеше сол балаң келешекті болсын десең, дүниеге келген кішкене Жәдияң өмір сүрсін десең, өлтір жауды, өлтір фашисті! Әйтпесе балаңның келешегін фашист жояды.
Әрине, немістің басына күн туса, минометті ала жүгіретін әдеті… Оның даусы бізге мәлім… Бірінен соң бірі он шақты мина жарылғанда, тулаққа салып жүн сабап жатқан сияқты болып естіледі. Тіс қаққан, күзем тойда болған қазақ жігіттері Фрицтер күземге кірісті» деп күлісіп тұрады. Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрған шығыс адамдарын жаным сондай сүйеді. Асылы, біздің халық намысқой, «өлімнен ұят күшті» дейтін халық қай. Ел намысы үшін білген, ер өлімі бізде қадірлі, сондықтан біз өлімнен намыс жоғары дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз нужнооо
Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады