Мәтіннен оқшау сөздерді тап сингермен жаз:
Ғылыми фантастиканың зерттелу аймағы да адамды қызықтырады. Бәленшенің ғылымға алып келген жаңалығы осындай жағдайда пайда болған екен, түсіне де қиялдың ұшқыны кіріп шықпайтын ғалымдар осы бір жанрдың әсерінен әдебиетке бет бұрыпты деп жатады. Сол іспетті, фантастикамен айшықталған ғылымның көркем әдебиетте қызықты дүниелерге жетелер жерлері көп.
Қазақтың фантастикасы да осы аталған ғылымдардан кенде қалып жатқан жоқ. Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелі жұртшылықты ғылым негіздерімен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерін де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді.
Ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Шынында да, Шәкәрім өмір сүрген жылдары медицинаның ортопедия саласында «ішек жалғау», «ерін, мұрын жамау» секілді пластикалық операциялар жасала қоймаған-ды. Оны автордың қайдан ойлап тауып жүргені? Демек, Шәкәрімнің өлең жолдары – ғылыми-фантастиканың еншісіндегі атрибуттар. Тағы бір жағынан алып қарасақ: Осыншама өнер тауып, асқан адам, Әлемнің қиын сырын ашқан адам. Ол үшін өмірге де айла табар, Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!.. Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы. Шәкәрім болса, “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана “өлмей, жетер бірталай жасқа да” дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арман, қиялы десе де болады. Қорытындылай келе, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге болады.
Всем известно, что экономить электроэнергию нужно для того, чтобы уменьшить вредное воздействие на окружающую среду. Теплоэлектростанции используют уголь, газ или нефть, то есть невозобновляемые запасы полезных ископаемых, и выбрасывают углекислый газ в атмосферу. В случае с атомной электростанцией проблема заключается в тех радиоактивных отходах, которые еще не научились перерабатывать так, чтобы сделать их абсолютно безопасными для окружающей среды. Даже гидроэлектростанции, которые получают электричество за счет энергии падающей воды, вредят экологии: их строительство приводит к затоплению ценных сельскохозяйственных земель, разрушению существующих экосистем, изменению климата. Таким образом, любая электростанция наносит вред окружающей среде, но если каждый из нас будет экономить электроэнергию, внедряя энергосберегающие технологии или вовремя выключая свет, значительно снизится необходимая мощность электрических станций.