Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде , әдеби шығармаларда сомдалған.
Нұрдәулет Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газетжурнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.