Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасына қарай топтастыр.
Таңертең мектептің отын қоймасына біреу біраз кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткерірек түскен бірі әрең басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, шалқасынан жатқан көршісін түртті:
— Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
— Ойбай, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрсын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып, біржола желмен ұшып кеткені жақсы еді.
— Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің, бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз бірталай . Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой
— Сыртымды қайтесің?! — деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, орасан зор қызмет етті. Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауыспап па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, лезде мынадай күйге ұшырадым.
ответ:у тебя ошибка и что делать?
Объяснение: