Мәтіннен тілек мәнді сөйлемді теріп жазып, олардың мағынасын анықтаңыз.
Ел аузынан
Шапқыншылық кезіңде сыр бойының қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Ел басшылары жиналып, қалай құтқарудың жолын қарастырады. Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ", – деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі, –
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.
2. Автордың қалауын нақты сөйлемдермен, қалау рай формасында келтіріңіз.
М.Әуезов: «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өкінішке орай, бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді», – деп жазады. Абай туралы ұзақ уақыт материал жинаудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының харекетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды. Алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».
Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар – тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады.
1. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады.
2.Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар.
3.Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Объяснение: