Мәтіннен тек бастауыш пен баяндауышты тіркесті теріп жазып, мәтінді мазмутсаныз.
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір арога үшыраты, Бүл екі кісінің біреуі олія,
ауру екен, екіншісі – мықты, жас жігіт. Аюды корген соң бүл жігіт ауру жолдасын тастап,
азі бір үлкен агаарын басына шығып кетті дейді. Ауру баliгүс иглика шыгугл дәрмені жок,
жерге құлады да, созылып, олген кісі болды да жатты, ссітуі бар еді, під өлген кісіге тимейлі
деп, Аю бүл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген сон тастап
жəніне кетті. Мұнан соң манагы жолдасы агаштан түсіп, аурулан сұрапты:
- Достым, аю кулагыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
Аю қүлагыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап кілтын
достармен жолдас болма деді, - дейді,
Ыбырай Алтынсарин « Жаман жолдас
Мысалы: Екі дос + келе жатты, екі дос үшыралы
Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын.
Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров.
Павлодарлық жерлестеріміз: Қанаш Камзин, Садықов Темірболат, Кепешев Мүбарәк, Сексенбаев Тәуекел, Құсайын Бүркітбаев т.б жеңіс күніне жеткізген аға, апа, аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз, мәңгілік от алауына гүл шоғырларын қоямыз. Ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау. Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын!
Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.