Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден жасалар.
1. Таң аппак аткан еді. Күздің күні, ұзақ сұр дала мен құла тарткан
алырлардың үстіне кып-кызыл шапак атты. Қанды сәуле шашкандай. Осы
шақта кәрлі шалдың үйіне ызғұтты мен Әмір кеп кірді. 2. Кішілеу, Шағын
үйдің ішіне айнала текемет, тұс киіз, түкті кілем ұсталған. Биік төсек
орнына, қалың салынған көрпесі, күс төсегі, жастык, бөстегі көп жер төсек
орнаған. Абай мен Әйгерім отырған тосек алды калың жүнді аркар терісімен
жабылган. 3. Сәуірдің бас кезі еді. Қыс ерте шыккандыктан жердщ коктеуі
биыл қауырт. Мал балалап жатыр. (М. Ә.) Енді, міне, сағат 12-де немістерді
жан-жағынан қызыл, көк, сары ракеталармен үсті-үстіне атқылай бастады.
Түнгі сағат екіде жан-жакка карай аласұра, өршелене аткан
артиллерияның үнін есіттім. (Б. М.) 4. Ендігі бір сәтте сапқа тізілген
солдаттар, көсемдеп бірнеше ат жеккен зеңбіректер, ұшы-қиыры жок жүк
тиеген машиналар, атты әскерлер кеше-кошелермен каланың батыс жағына
карай ағылып өте бастады. Серік те мамасының жанында осы жойқын
көріністен коз алмай карап тұрған-ды. (Қ.Қай.)
MCH
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
Әлемде болып индустриялық төңкеріс есебінен жер бетінің табиғаты өте үлкен зардап шегуде. Климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық жылынуды болып жатқанына барлық ғалымдар бір ауыздан келіседі.
Жер бетіндегі қолданылған нәрселерді табиғат қайтадан орнына келтіре алады. Бірақ соңғы жиырма жылдың ішінде адам санының үлкеюіне байланысты және адамдардың қолданыс күштерінің артуына байланысты табиғат қайта қалпына келтіру күшінен бірнеше есе көп өнім қолданылып жатыр. Сондықтан өзендердің суы қайта орнына келіп үлгермей тартылыр кетіп жатыр ал ормандар жаңарып үлгермей кесіліп кетіп жатыр.
Бұл болып жатқан өзгерістер жердің климатына қатты теріс әсер етуде. Мысалы соңғы жылдары бірнеше ешқашан қар жаумайтын жерлерде қар жауды. Ал кейбір мекендерде шектен тыс ыстық болып адамдар қатты қиналып қалды. Мұның бәрі табиғи климат балансының бұзылғанын көрсетеді.