В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Диана149018
Диана149018
10.02.2020 22:59 •  Қазақ тiлi

Мұқтар шаханов"нарынқұм зауалы"поэманің үзіннен эссе жазу. мұқтар шаханов"нарынқұм зауалы" поэма написать эссе​

Показать ответ
Ответ:
prosto5297
prosto5297
04.02.2023 23:50
Алаш әскері, Алашорданың атты әскер полктары туралы деректер кейінгі кезде ғана айтыла бастады. Лев Гумилев атындағы ЕҰУ еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті Теңгеш Қаленова «ЖЕБЕ» сайтында 2013 жылы 29 тамызда жарияланған «АРҒЫ АТАМ – ЕР ТҮРІК, БІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІМІЗ!» атты мақаласында: «ХХ ғасыр басындағы қос төңкерісті аумалы-төкпелі заманда Қазақ елінің ұйытқысы бұзылып, әбден берекесі қашқан болатын. Әсіресе, азамат соғысының сұрапыл жылдарында қазақ жеріне кезек-кезек келген ақ гвардияшылар мен қызылдар әскерлері ауылдарды жан-жақтан тонап, әбден басынғаны белгілі. Осындай аласапыран уақытта Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлері қысқа уақыттың ішінде панасыз қазақ ұлтына қорған болатын Алаш полкын құрған. Қазақ зиялылары алдымен үш адамнан тұратын Әскери кеңес құрған. Ал 1918 жылдың 25 маусымы – ақ гвардияшылар мен ақ казактар және большевиктер әскерінен бірнеше жақтан қыспаққа түскен қарусыз қазақ халқын қорғау, елдегі тұрақсыз саяси жағдайды бақылауға алу мақсатында Алашорда үкіметі шешімімен Алаш халықтық милициясы құрылған күн. Сөйтіп Алаш зиялылары Ресей бодандығын қабылдаған кезден бастап араға жүз жылдан астам уақытты салып тұңғыш рет Қазақ ұлттық әскерін жасақтауға қол жеткізеді» - деп жазыпты.

Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында былай дейді: «Жиналыс биіктеу дөңнің қырқа жотасында ашылды. Жотаға Алашорда адамдары және оларға тілектестердің біразы, - барлығы екі жүзге тарта адам, - салт атқа мініп, әскерше он-оннан сапқа тұрып, командирше олардың алдында Дулатов оғаш отырып, «Арғы атам ер түрік» деп аталатын, Алашорданың гимнін әндете қосылып айтып барды...».

Гүлнар апай Дулатова сол тұста Қостанайда Алашорда комисары болған Елдес Омарұлының зайыбы Эльза туралы және Міржақыптың үзеңгілес серіктерінің бірі, қазіргі Қостанай облысының Қарабалық өңірінде туып-өскен Ғаббас Нұрымовтың үйінде болғанын тебірене жазады. Ғаббас тұңғыш рет Алаш маршын орындаған. Кейін Совнаркомда жауапты қызмет атқарған, білікті аудармашы болған ардагер ағалардың бірі. Г.Дулатова «Өмір өткелдері» атты кітабында: «Торғайда төңкеріс қызу жүріп жатқан. Әлі есімде, тәтемдер елге келгенде, өлең-жыр ағылатын. Сонда Ғаббас Нұрымов бастап, қалғандары шырқай қостап, мына өлеңді айтып бара жатты: Ол «Арғы атам – ер Түрік, Біз – қазақ еліміз...» – деген жолдардан басталатын. Міржақыптың құдай қосқан қосағы Ғайнижамалдың айтуынша, Ғаббас Нұрымов сәнді киінетін, домбыра мен мандолинді құйқылжыта тартып, ән салатын», сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз жігіт болған деген дерек келтіреді. Ал Алаш маршы атанған бұл әннің сөзін жазған Жүсіпбек Аймауытов екені белгілі.

«Арғы атам - ер Түрік,

Біз қазақ еліміз.

Самал тау, шалқар көл

Сарыарқа жеріміз.

...Ат мінсек, жел болып,

Суылдап шабамыз.

Лап десек ерленіп,

Дуылдап жанамыз.

...Ер түрік ежелден

Оқ тескен етіміз.

Қаймығып еш жаудан

Қайтпаған бетіміз » - деп келетін жорық жыры азаттық аңсаған ел еңсесін көтергені де ақиқат.

Сәбит Мұқанов «Казахстанская правда» газетінің 1937 жылғы 18 маусымда жарық көрген «Об ошибках писателя Б.Майлина» деген мақаласында: «Все эти ошибки не случайны. В №№ 20-22 алашординской газеты «Жас азамат», издаваемой в Петропавловске в 1918 г.,Б.Майлин поместил два стихотворения, где он как довроволец Алашского полка, сформированного Эльдесом Омаровым, призывает казахскую молодежь и всех трудящихся поддержать злейшего врага казахского народа – Алашорду» - деп жазды. Бұл деректен анық байқайтынымыз, Қостанайдағы Алаш полкінің құрамында Би-ағаң да болған.

Қазақтың тақтақ ақыны Нұржан Наушабайұлы 1918 жылы «Қазақ» газетіне «Алашордаға» деген өлеңін бастыртады.

«Бірлік қылсаң, Алашым,

Ілгері қарай басасың.

Қол ұстасып ұмтылсаң,

Қатар жұрттан асасың.

Атағың мәңгі қалдырып,

Жасасын Алаш, жасасын!» - деген жолдардан оның бұдан бұрын жазылған «Ұйықтама, оян, Алашым!» жырының жалғасын тапқанын аңғарамыз.

Бір өкініштісі, Қостанайда құрылған Алаш әскерінің құрамында тағы кімдер болды деген сауалға жауап табылмай келеді. Бәлкім, мұрағаттардан келешекте табылып қалуы. Алаш әскері сапында болған азаматтар ел қорғаны болғаны, туған жері мен елі үшін жан қиюға дайын перзенттер екені дау туғызбайды
0,0(0 оценок)
Ответ:
Лейла5225
Лейла5225
03.07.2021 19:59

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.    Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.    Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.    Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.    Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады.    «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

Объяснение:

Сойдёт или нет?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота