Гендік инженерия , немесе генетикалық инженерия [ 1 ] генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ , тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше , табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу ; молекулярлы биологияның бір саласы . Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар , ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп , жұмыс істеуін ( экспрессиясын ) қамтамасыз етеді . Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж . американ биохимигі Т. Берг ( Нобель сыйлығының лауреаты ) іске асырды . Ол маймылдың Онноген вирусы SV - 40 - тың толық геномын , бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Coli бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты ( гибридті ) ДНҚ алды . 1973 — 74 ж . Америка биохимиктері С. Коэн , Г. Бойер , т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді . Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді . Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға , екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге , оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды . Мысалы , генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары ( фенотипі әр түрлі дарабастар ) алынды . Гендік инженерия - ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады . Бір ғана кодтың ( триплиттің ) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты , ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу , яғни молек . деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды . Жануарлар , өсімдіктер және микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді .
Фонетика - (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.