В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
DeM12345
DeM12345
18.12.2022 23:09 •  Қазақ тiлi

М. Əуезов «Көксерек» əңгімесінен үзінді Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Көксеректе кəзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды.
Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, əкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген- білгені — сол...
Содан əрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен.
1. Сұрақтарға жауап бер:
1. Көксеректі сипатта.
2. Əңгіменің идеясы не?
3. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты? 4. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
5. Құрмаштың өліміне кінəлі кім?
2. Мақалдарды түсіндір.
1.Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
2. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
3.Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сəйкес бағандарға жазыңыз.
(1 б.) (1 б.) (1 б.) (1 б.) (1 б.)
(1 б.) (1 б.)
Сөздер: хайуанаттар-бағы, түйме дақ, Барса келмес, Қызылкітап, адам-зат, жан жануарлар, халық аралық, омыртқа-сыздар, био ресурс, кон-венция, жабайықызғалдақ, қоршаған-орта, ақ қу

Дара сөз
Тіркесті сөз
Біріккен сөз
Қос сөз
4.М.Əуезовтың «Көксерек» əңгімесі бойынша өз ойыңызды жазыңыз /10 сөйлем/ 5 б

Это сор

Показать ответ
Ответ:
ksenyaLove1246
ksenyaLove1246
25.03.2021 01:16
Қайырымдылық, адамзат бойындағы асыл қасиет. Ол кез келген адамнан табыла бермейді. Біреуге қайырымдылық жасасаң ол өзіңе әйтеуір бір күні қайтып оралады. Мен сіздерге бір кесе сүт туралы айтып бергім келеді. Бір кішкене бала анасы қатты ауырып, өзі тамақ табу үшін қолынан келген шаруаларын атқарып жүреді. Бір күні қатты шаршап, бір жұтым су болса,- деп армандайды. Сол оймен жақын жердегі есікті қағады, есікті ашқан жас әйелден ішетін су сұрайды, әйел бір кесе сүт әкеліп береді. Бала рахмет білдіреді. Арада жылдар өтеді, жас бала атақты дәрігер болады. Ауруханада ауыр науқасты әйел түседі. Дәрігер бір кездегі өзіне сүт берген кісін таниды. Науқас жазылғанда ем ақысы туралы қағаз ұсынылады, онда ем ақысы бір кесе сүтпен өтелген,- деген сөзді оқиды. Міне, жақсылық ешқашан ескерусіз қалмайды. Жақсылық жасауға, қайырымдылық көрсетуге ұмтылайық ағайын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Mmilanio
Mmilanio
30.08.2022 12:51
ШығармаларыӨңдеу"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы"Он алты жасар чемпион" (1951)"Бақыт жолы" (1952)"Алыстағы ауылда" (1953)"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965)."Дала жұлдызы" (1960)"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)"Гауһар" (1966) повестерін жазды."Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды."Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)"Әпенденің айласы" (1960)"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота