Мақал-мәтелдермен жұмыс. Мақалдарды оқып шығып, заттанған сын есімдерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. Жаманға еткен жақсылығың, жатқа кеткен малмен тең. Ашулыдан алты табан қашық тұр. Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың. Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың. Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді. Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді. Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа.
Әр адамның өз өмірі болады. Сонымен тағдырлары да әртүрлі. Кейбірі өз рахаты үшін, байлық үшін өмір сүреді. Кейбірі өмірінің мәні үшін өмір сүреді. Менде сол өмірімнің мәні деп санаған жақындарым үшін өмір сүруді жөн көремін. Байлық бізге не керек?! Бір күні жоққа айналады емес пе?! Сондықтан мен өз жақындарымды өмірімнің мәні деп санаймын. Өмірімнің мәні деп тұрған жандарым атам, әжем, інім, анам, әкем, қысқасын айтқанда отбасым. Мен өмірімнің мәні үшін өмір сүремін, оларды қатты жақсы көремін.
Қазақстанның көрікті жерлері.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.