Мақалаға тән құрылымдық-тілдік ерекшеліктерді анықта Кіріспе, байланыс, қорытынды – көркемдегіш құрал, терминдер Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды – риторикалық сұрақ, экспрессивті лексика Тезис, абзацтар, қорытынды – көркемдегіш құралдар, кіріспе сөздер Басталуы, өрбуі, шешім – эмоционалды-экспрессивті лексика, көркемдегіш құрал ответ: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды – риторикалық сұрақ, экспрессивті лексика
Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан
Қазыналы қазақ қашанда қым-қуыт тірлікті өнегелі өрілген сөзбен сипаттай жүреді. Астарында мағына бұғып жатқан әр сөзі әлі күнге әрін жоғалтқан емес. Сол сөздердің сыры мен сымбаты кетпегенінің көрінісі – «жігітке жеті өнер де аз» деген аталы сөз. Ел қорғаны болған жігіттен мінсіздік іздегендіктен, жеті өнердің өзін аздық қылған. Атқа шапса, домбыра шертсе, елін жайласа, сөзге ұсталығы, бойда батырлығы, жүректе иманы және білімге жиғаны болса, міне, жігіт! Одан артық өнері болса – жігіттің төресі. Өнері өн бойынан өтіп тұрған өр жігіттерді ел мақтаған. Ал, ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Осы үшін де ертеректегі ерлер жеті өнердің өзін кем көрген. Ол күнгі жігіт те – жігіт, бұл күнгі жігіт те – жігіт. Дегенмен, заманына қарай адамы. Қазіргі ердің өнері өзгерді. Сол үшін де бүгінгінің жеті өнерін жинақтап көрген едік.