В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Арте2281337
Арте2281337
02.08.2022 19:52 •  Қазақ тiлi

Мағанда керек тұр еді бере аласыңдарма

Показать ответ
Ответ:
nikitkasorokin2
nikitkasorokin2
22.04.2022 12:28
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Тарихы Өңдеу

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.Ұялы телефонның зияны Өңдеу

Толық мақаласы: Ұялы телефонның зияны
1. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

2.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

3. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.

4. Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.

5. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтары кеңейіп кетті.

6. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.

7. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.

8. Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.

9.Ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді деген ой жасады. Себебі ер адамның репродукциялық, яғни бала туғызу қызметіне зиянды.

10. Швеция ұялы телефонға аллергияның болу ресми мойындаған мемлекет. Егер бойыңызда осы аталған аурулар мен сырқаттар байқалса, швед өкіметінен өтемақы ретінде ақшалай талап ету құқыңыз бар.

11. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
dudych2045
dudych2045
17.01.2022 01:03

Қазақстан ғалымдары адам өмірін 150 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін жаңалық ашқандарын мәлімдеді. Айтуларынша, олар Іле Алатауынан «Кордицепс» деп аталатын өсімдік тапқан. Ал кордицепстің негізінде жасалған дәрмектер түрлі аурулардың алдын-алуда, олардан емделуде пайдалы болып қана қоймай, адамның ғұмыр жасын әлдеқайда ұзартуға да мүмкіндік береді екен. Ал кордицепс деген саңырауқұлақтың бір түрі, бір түрі болғанда, ұрығы жәндіктердің денесінде жетіліп барып топыраққа түсетін, сөйтіп өсіп-өнетін ерекше түрі екен. Яғни оның бойында өсімдіктің де, жәндіктің де пайдалы құрауыштары болады деген сөз. Мысалы, Тибетте оған «Ярцагумба» деген ат беріліпті, бұл сөз «жазда шөп, қыста жәндік» деген ұғым береді. Ол жақта тіршілік ететін ұсақ көбелектердің бір түрінің дернәсіліне (личинка) жаз кезінде желмен ұшып, өсімдікке отырған кордицепс саңырауқұлағының ұрығы енеді. Сосын дернәсіл жұлдызқұртқа айналып, топырақ қабатына кірген соң оның нәрімен күнелтіп, көктемде жерден оның өсімдік болып шығады. Яғни жұлдызқұрт бұл кезде өліп қалады, ал кордицепс сабағының аяқ жағы өзі өсіп-өнген жәндіктің өлі денесімен тұтасып тұрады, жәндік денесі шірімейді, сол күйінде сақталады. Ғалымдар кордицепстен өлген жәндіктердің денесіне бактериялар жоламайтынына, олардың бұзылып-шірімейтініне назар аударған, зерттеп-тексере келе оның табиғи антибиотик екеніне көз жеткізген. Антибиотикке «кордицептин» деген ат берген. Кордицептин ағзаны зиянды микроағзалардан, микробтардан, бактериялардан қорғайды.

Объяснение:

незнаю правильно я сделал или нет, ну ладно посмотрим

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота