Мақтаншақтық – адам мінезіндегі жағымсыз қасиет. Негізінен өзімшіл, менмен адамдардың бойында кездеседі. Мақтаншақ адамдар тәкаппар келеді, өзін-өзі дәріптеуді ұнатады. Халық даналығы “өзін-өзі мақтаған өліммен тең” дей отырып, бос мақтаннан аулақ болуға шақырады.Ұлы Абай Құнанбаевтың Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз" деп жазған өлеңі де бар.Сөзбен мактанудың орнына іспен оны көрсет.