Мағынасын анықтаймын, 6. Мәтінді оқып, өзіңе түсініксіз сөздерді белгіле.
Кемпірқосақ
Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланып, нөсерлетіп
жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейіліп, көк-
жиектен батып бара жатқан Күн көрінеді. Дәл осы кезде
тарап бара жатқан қара бұлттың арасынан жерге қарай иіл-
ген алып доға тәрізді кемпірқосақ пайда болады. Оның бір-
бірімен жарыса астасқан жеті жолағы жеті түрге боялған.
Сонда кемпірқосақ дегеніміз не? Аспан күмбезінде мұндай
ғаламат қайдан пайда болады?
Бұған себепші болған нәрсе былайша ақ болып көрін-
генімен, шындығында, жеті түстен тұратын жарық сәуле
кәдімгі Күннің жарығы екен.
көкжиек
сейілу
мағынасын анықта. Сөздерді
Сәлем, Аяжан!
Сәлем, Амина!
-Амина жүр кітапханаға барайық.
-Жақсы, Аяжан.
-Сәлеметсіз бе, апай? Біз кітап оқуға келдік.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Кітапхананың өзіндік жұмыс тәртібі бар. Біз демалыс күндері жұмыс жасамаймыз. Бізде кітаптар бөлімі бар. Сол жерден дерекқор тапсаңдар болады.
-Рақмет, апай!
-Біз тапсырыс берсек болады ма?
-Әрине болады. Мен кітапты кітап қоймасынан алып келемін.
-Жаксы, кітапханашы апай!
-Аяжан, бұл кітапханада қызықты деректер көп екен.
-Апай, бұл жерде қанша кітап қоры бар?
-Кітапханада көптеген қорлар бар.
- Балалар бұл жерде шулауға тыйым салынған. Кітапты ұқыпты ұстаңдар! Сосын кітапты мерзімінде тапсырыңдар!
-Жақсы, апай.
-Сау болыңыз!
-Сау болыңдар, балалар!
Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.