Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы Оқу мақсаты: 1.М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білу;
2. «Батыр Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясы туралы
білу;
3. Поэманың шығуына себеп болған жағдайды түсіну;
4. Поэмада көрсетілген дәлелдер арқылы заман
шындығын білу;
І.Жазылым. 6 сұраққа 1-2 сөйлеммен жауап жазу.
1. Ақын М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын жазуына не себеп
болды?
2. «Батыр Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясы қандай?
3. Аталған кейіпкерлер өмірде болған ба? Олар туралы қандай деректер
білесіз?
4. Батыр Баян неліктен туған інісі Ноянды өлтіруге мәжбүр болды?
5. Батыр Баянның бұл әрекетін қалай деп бағалайсыз?
6. Ақын М.Жұмабаев поэма соңын неліктен трагедиямен аяқтады?
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!