Мадағы оқиғалар тізбегі. 1. 5. Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жаса. 9 Құрылымы Оқиғалар тізбегі Басталуы Жалғасуы 1. 2. Асықтан ұтылған балалардың дауы 3. Аяқталуы
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Өжет – бұл сөздің омонимі жоқ.Бірақ оның синонимі "өткір" сөзінде омоним бар: 1) заттың сипатын береді: өткір пышақ; 2) адамның мінезі : өткір адам,өжет адам.
Қатыгез – бұл сөздің омонимі жоқ.
Айлакер – бұл сөздің омонимі жоқ.Бірақ оның синонимі "қу" сөзіне омоним бар:1) иілген ұзын мойынды су құсы,аққу; 2) Құрғап кеткен,қураған,құрғақ; 3) Айлакер.Амал тапқыш, епшіл; 4) Қашқан нәрсеге жету ушін соңына түсу,жүгіру.
Дәл – бұл сөздің омонимі жоқ.Бірақ оның синонимі "тура" сөзінде омоним бар: 1) бір затты кесу: нанды тура ; 2) құбылыстың дәлдігін,нақтылығын білдіреді : тура осы жерде.
Жақсы –1) бір нәрсенің, құбылыстың сипаты:жақсы адам,жақсы үй; 2) бір нәрсені, іс-әрекетті мақұлдау,келісу: Жарайды,бұл сөзіңе келістім.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
1) Берілген сөздердің антонимдері:
Өжет – жуас,қорқақ.
Қатыгез – мейірімді,қайырымды.
Айлакер – аңқау,адал.
Дәл – дәл емес,нақсыз,жақындатып.
Жақсы – жаман,нашар.
2) Берілген сөздердің синонимдері:
Өжет – өткір,қайсар,батыл,бетті,өр,өршіл.
Қатыгез – қатал,қайырымсыз,қатаң.
Айлакер – қу,епшіл,арам.
Дәл – дөп,тура,нақ,тіке,қақ,тап.
Жақсы – тәуір,жарамды;мақұл,жарайды.
3) Берілген сөздердің омонимдері: