-Сәлем,Анар!Қалың қалай?Сен неге бүгін мектепке келмедің?
-Сәлем,Санжар!Мен бүгін өзімді жайсыз сезініп, мектепке бармадым.
-Сен білесіңбе? Біз бүгін мектепте қызық тақырып өттік.
-Қандай?
-Біздің ел алтын жаң аясында қорғалады.
-Ол қалай?
-Мысалға, заң - азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың негізі. Заңдар бір-біріне қайшы келмеуі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы үшін қажет.
-Сонда адам еркіндікте жүруі заңның арқасындама?
-Ия,тіпті біздің мектепке барып,білім алуымызда заңға жатады.Яғни, біз мектепке баруға құқылымыз.
-Рахмет Санжар!Сенің маған айтқаның қатты ұнады.
-Ия,бұның бәрін біз бүгінгі сабақта өттік.Мұғалім келесі сабақта осы тақырыпты жалғастырамыз деп айтты.
-Керемет, ендеше келесі сабаққа дайындалайық.Сау бол!

-Сау бол!Көріскенше!
Жылқы малының атаулары
Жылқы тұқымына қарай:
• арғымақ
• қазанат
• абы
• тобышақ
• текежәуміт
• қазақы ат
• қарабайыр
• пырақ
• дүлдүл т.б. болып бөлінеді.
Шабыс ат:
• жүйрік
• тұлпар
• сәйгүлік
• саңылақ
• бәйге ат деп бөлінеді.
Салтанатқа мінетін ат:
• жорға
• төкпе жорға
• айдама жорға
• шайқалған жорға деп бөлінеді.
Мініс аттары:
• Аяқ ылау
• жетек ат
• қосақ ат
• түп ат
• көсем ат деп жіктеледі.
Өсуіне қарай:
• Құлын - бір жасқа дейінгі жабағысы көтерілмегені.
• Жабағы - бір жасқа толмаған, құлын жүні түспегені.
• Тай - жылқының екі жастағысы.
• Құнан - жылқының үш жастағысы.
• Дөнен - жылқының төрт жастағысы.
• Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
• Ат - піштірілген еркек жылқы.
• Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
• Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
• Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
• Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
• Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
• Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
• Пішпе - піштірілген жылқы.
Биенің атаулары:
• Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
• Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.
Сүтіне қарай биелер:
• Мама бие - өте сүтті бие.
• Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
• Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
• Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.
Қысырақ атаулары:
• Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
• Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
• Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
• Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
• Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.
• Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,
Айғырлардың атаулары:
• Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
• Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
• Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
• Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
• Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
• Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.