Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Қазақ халқы - талай ғасырлар бойы көп қиындық көрсе де, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін ұмытпаған халық. Мысалы, дүниеге сәби келсе, ағайын-туыс бірін-бірі құттықтап, сүйінші сұрайды. Сүйіншіге хабардың маңыздылығына қарай мал, ақша немесе әртүрлі бағалы заттар беріледі. Ұзақ сапарға шығатын адам қой сойып, жақын туған-туысын шақырып, үлкендерден бата алады. Халқымыз мұны «Жолаяқ жасау» дейді. Жолаяқ жасау күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Тойда, мейрамда аналар мен әжелер шашу шашады. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттағанда шашу шашу – қалыптасқан дәстүр. Сонымен қатар тағы бір дәстүр - бесік той. Бесік тойда туған-туыс жиналып, нәрестені бесікке салады. Міне, қазақ халқының осындай мән-маңызы жоғары салт-дәстүрлері өте көп. Бұл дәстүрлер қанша заман өтсе де өз маңызын жоймады. Оның өзі халқымыздың дәстүрге беріктігін көрсетеді. Сондықтан, біз, келешек қазақ жастары, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ата-салтымызды ұмытпай, оны келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Себебі, ел дамуының негізі ата-салтымызды құрметтеуден басталады.
"Дәрігердің қарауында" диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.
Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.
Ұзақ сапарға шығатын адам қой сойып, жақын туған-туысын шақырып, үлкендерден бата алады. Халқымыз мұны «Жолаяқ жасау» дейді. Жолаяқ жасау күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Тойда, мейрамда аналар мен әжелер шашу шашады. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттағанда шашу шашу – қалыптасқан дәстүр.
Сонымен қатар тағы бір дәстүр - бесік той. Бесік тойда туған-туыс жиналып, нәрестені бесікке салады.
Міне, қазақ халқының осындай мән-маңызы жоғары салт-дәстүрлері өте көп. Бұл дәстүрлер қанша заман өтсе де өз маңызын жоймады. Оның өзі халқымыздың дәстүрге беріктігін көрсетеді. Сондықтан, біз, келешек қазақ жастары, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ата-салтымызды ұмытпай, оны келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Себебі, ел дамуының негізі ата-салтымызды құрметтеуден басталады.