Манаптың алып ұшқан көңілі не себепті су сепкендей басылды? Қали неліктен балалар үйіне берілген?
Қалидың күлімсірегенінен Манаптың тұла бойы неге дір ете қалды?
Қали неліктен Манаптан әкесі туралы еш нәрсе сұрамады?
Қали неге жазғы лагерьге бармай қалған?
«Күз» тақырыбына диалог құрастыру.
Махаббат: Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз.
Еркежан: Иә, жаз мезгілі қашанда зымырап өтіп, күздің келгенін тек сабақ басталған кезде аңғарып жатамыз ғой.
Махаббат: Дегенмен, табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше.
Еркежан: Иә, мен де күз мезгілін ерекше жақсы көремін.
Махаббат: Солай ма? Неліктен?
Еркежан: Оның екі себебі бар: біріншісі – осы мезгілдегі табиғаттың ерекше әдемілігі: жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады; Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Ал екіншіден, менің туылған күнім күзде.
Махаббат: Иә, дұрыс айтасың. Күзде табиғат ерекше ғажап көрініске ие. Мен де күз мезгілін асыға күтемін.
Еркежан: Сенің де туылған күнің күзде ме?
Махаббат: Жоқ, менің туылған күнім көктемде. Мен күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинаймын. Жиналған жапырақтардан гербарий жасау – менің хоббиім.
Еркежан: Ол хоббиің туралы білмеппің...