Мастай жетм қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі
балықты етігінің тумсығымен теуіп, өзінен
әрегрек ысырып тастады да, аудың арқалығын
ұстады күтпеген жерден қайын атасы есіне
түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне
сыйымсыз. Отбасына да мазасыз Еламанды
«балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де
әзілге айналдырып отырады. Оған бұл
үйренген. Кеше де қатынаған біреуден
«балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам»,
деп хабар жіберіпті.
1. Сұраққа жауап бер/ ответьте на вопрос
Еламанның кәсібі не?
A) теңізші
Д) Муз оношы
С) күзетші
В) балықшы.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым