Матинди мукият окып,такырып койыныз.Матиннен Астана каласынын абыройын аскактауга улес коскан елеули окигаларды ириктентз Guldana2007 avatar
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты.
Guldana2007 avatar
Guldana2007 avatar
Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды.
емес.
Guldana2007 avatar
Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді.
Guldana2007 avatar
Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.
Объяснение:
Астана орнына Нұр Сұлтан
Досыма хат.
Сәлем Джон.Жағдайың қалай?Америкада не жаңалық?Ата-анаңа сәлем.Менде бәрі жақсы.Жазда Алматыға келем,-депсің.Келсең Алматы қаласын және Алтынемел ұлттық саябағы мен Шарын шатқалына бірге барып аралаймыз.Алтынемел ұлттық саябағы-520 мың гектар жерді алып жатыр.Туристер көп келеді.Шатқалдарда ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттері бар.Өсімдік пен жануарлар әлеміне бай жер.Құстардың 200түрінің 174 түрі саябақта ұялайды.400ден аса ақбөкен мен құландар мекендейді.Көбісі аң-құстардың қызыл кітапқа енген.Сақ дауірінде салынған "Бесшатыр"обалары бар.Ал Шарын ұлттық паркі-табиғи кешен.Паркте өсімдіктердің 940түрі өседі.Ертеде жоғалып кеткен аңдардың қаңқалары табылған.Паркті сіздердегі,АҚШ-тағы Улкен Колорадо каньонының кіші бауыры депте атайды.Каньонды "Қызғылт қамалдар" депте атайды.Мен саған өз елім туралы қысқаша түсінік бердім.Келген соң өз көзіңмен көріп араларсың.Саған ұнайтыны сөзсіз.Келуіңді асыға күтемін.Кездескенше сау бол.Досың Арслан. 27.12.2020.Қазақстан.