В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
polinaguskova
polinaguskova
30.03.2023 03:36 •  Қазақ тiлi

Матинди негизге алып эйел адамдар мен ер адамдарга катысты жумыс турлерин кестеге толтырындар

Показать ответ
Ответ:
artemmaslov25Artem
artemmaslov25Artem
16.09.2020 00:30
Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы - қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?!
Ақ нөсер, өткіншісі - бәрі дайын,
Сабылтыға келген мына сәуір айын,
Құтты көріп, диқандар құптағанмен,
Малшылар салып отыр сарыуайым
Жылап тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып қыр.
Бірде жауын, біресе қарға айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып тұр.
Шопан жүр малыменен, көптен бөлек,
Төпеп тұр,келер емес көктен көмек.
Сәуір айын сықпыртып, сыбайды кеп,
- Құрғырдың түбі түсіп кеткен бе?! -деп
Ойында - әрі ашу, әрі уайым,
Әйтеуір оңдырған жоқ сәуір айын.
Сәуір айы - малшыға сарыуайым,
Малмен бірге бағады ауа райын...
© Мұқағали Мақатаев
0,0(0 оценок)
Ответ:
kooyrina582mari
kooyrina582mari
02.10.2020 19:43

ответ:Жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіне 19-ғасырдағы Қазақстанның батыс өңірінде болған Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің жалынды жаршысы болған Махамбет Өтемісұлының соңғы күніндегі оқиғалар өзек болған. Әңгіме «Қараой» жерінің табиғаты мен сипатын танытудан басталады. Қазан айының қара суығы әлі түспеген кезеңде Махамбет «Қараойдың» өзіндік ерекшелігін көз алдынан өткізіп, бірде осы мекенді оттай ыстық санаса, бірде жаттай көріп, оймен заманның тарылмаған, Исатайдың бар кезіндегі шаққа ойысып, өзіңнің қазіргі жайына іштей мүжіліп күйінеді. Қоңыр үйде қоңырқай тірлік кешіп жатқан, жалғыздықтан жанын мұң торлаған Махамбет ішінде алай-түлей ой арпалысы жүруде. Таң атқалы сондай. Ешкімге сенгісі жоқ. Сенім мен күмән теңдей, итжығыс түсіп жатыр. Әр нәрсеге елегзіп, әр нәрседен секем алады. Досы азайып, қасы көбейген кезде Ықыластай бұрын бірге жүрген адамға сенейін десе де, әлденендей күдіктер бой көтеріп, ойын тұрақтата алар емес. Шығармада осылайша Махамбеттің осындай ой арпалысы монолог түрінде өрбіп, батырдың жан күйін нақты бейнеленеді. Әңгіме тақырыбының «Қараой» болуы тегін емес. Махамбет осы «Қараойда» ізіне түскен сұлтанның итаршы тобының қолынан қаза табады. Батырдың шешіле сөйлесуін, қаруын тастауын өтінген және ойындағысын болдырған Баймағамбет сұлтанның тіліне азған топ адам өз үйі, ошақ қасында жары мен баласының көзінше батырды мерт етеді. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталы сөздің парқына бармаған опасыздар жапан далада қалған жетімектер мен жесірді аңыратып, батырдың бәйге атын мініп жүре береді. Сонымен «Қараой» бір кездері елдің құт мекені саналса, бүгінде сол күнгі оқиғамен қайғы жамылдырған жайды ұқтырар мекен болып қалғандай. Жарық күн де мына қаралы жайды көргісі келмегендей ұясына батуға асығып барады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота