Me Қасиетті, қадірлі,
Кейіпкер Портреті
Автордың әкесі Романтикалық образ
өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды.
ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзін ұялатындай етіп
ұрсады. «Қарағым, айналайын», - деп жылы сөйлесетін
иманжүзді қария. Аппақ кимешек киген, қолында ұршығы бар.
қонақтағы әже
Реалистік образ. Иығына көгілдір жемпір іліп, басына
жаздық гүлді орамал салған егде кісі.
ажені іздеген балалар
Райхан мен Ая
Реалистік образ. Тек әженің ғана емес, жалпы карт
адамның мейірім-шапағатын сезінбей,
балабақшаның батымында, папасы мен мамасының
қасында өсіп келе жатқан балалар.
Реалистік образ. Қыздарына үнемі ертегі айтып береді.
нағыз әжені бейнелеуші.
әке
Етістік шақтары
Етістіктің мағынасы іс-әрекетті білдіру болса, кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгілде орындалады. Ол сөйлеуші айтып тұрған мезгілде өтуі мүмкін, немесе үнемі өтіп жататын әрекет болады, сондай-ақ не сөйлеп тұрған кезден бұрын, не кейін орындалуы да мүмкін. Ендеше, етістік шағы сөйлеп тұрған кезге қатысты анықталады.
Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.
Қазақ тілінде үш шақ бар: яғни, өткен шақ, осы шақ және ауыспалы шақ.
1. Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.
Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.
2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді
Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары
1) -атын -етін -итын -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы. Мысалы: Мен оқитынмын. Біз оқитынбыз.
2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы. Мысалы: Сен барушы едің. Сіздер барушы едіңіздер.
2. Осы шақ
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.
Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.
1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.
Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.
Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.
Мысалы: Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын). Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)
Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.
Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз.
Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”) Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”.
3. Келер шақ
Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.
1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.
Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.
Мақсатты келер шақ етістік түбіріне -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтың басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады.
3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.
- Well, my friends how we will divide production? - the lion asked.
The first were answered by a wolf
:- Tsar! You are more senior than us therefore a donkey eat you, I will eat a sheep, a fox, the smallest, a hare.
The lion remained is dissatisfied with such answer. He became angry and broke off a wolf on part.
- You that will tell? - the lion asked a fox.
- Oh, tsar you ours! Have breakfast now a donkey, then have dinner a sheep, and for the night to a sjeshta of a hare.
The lion liked words of a fox. He smiled and asked it:
- At whom you learned such answer?
- At a wolf, - the fox answered.