Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Аяқ астында қардың дауысы тырс- тырс етеді, жаңа жылға деп сыйлаған сыйлақтардың безендірілген қорабы шырт етіп, көңілді қуантады.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде.Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Маған қыс мезгілі қатты ұнайды.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Басқаша аталуы «Ұлыстың Ұлы күні». Бұл мейрам Қазақстаннан басқа Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б. елдерде тойланады. Негізі бұл мұсылман елдерінде Жаңа жыл мейрамы болып есептеледі. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді...
Сол күні барша балалар ұлттық ойындар ойнап көңіл көтереді. Ал, әже апаларымыз наурыз көже жасап, дастарханды аққа толтырады.(яғни, ақ дегеніміз құрт, көже, айран, сүт секілді ұлттық тағамдар)... Мен бұл мерекені жақсы көремін ❤ бұл мереке 22інші наурыз күні тойланады

Еліктеу сөздер: тырс, шырт.