В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lapkinalidala
lapkinalidala
07.08.2021 20:46 •  Қазақ тiлi

Менің атам жайлауға Малын айдап шығыпты.
Көк шалғынды қойнауға
Киіз үйін тігіпті.
Қарап шықтым біртіндеп,
Бар жиһазы жарасқан.
Туырлығын түргенде,
Көрінеді көк аспан.
• Өлеңде не туралы айтылған?
• Киіз үйдің қандай жабдықтарын білесің?
• Зат есімді сөз құрамына талда.Казак тіл​

Показать ответ
Ответ:
Зюна
Зюна
08.03.2022 08:21

Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше "syntaxis"). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

 

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

 

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

 

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар

Кеше хабарласты

Саны он үш

 

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес

Синтаксистік күрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.

Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

 

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.

 

Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.

 

Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.

 

Тұрақты сөз тіркесі

Білдіретін мағынасы

Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)

Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)

Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)

Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)

Гүлдей солды (қайтті?)

Дамыл таппады (қайтпеді?)

Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)

Жаны ашыды (қайтті?)

Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)

Иманын ұшырды (қайтті?)

Сөз қылды, келеке қылды.

Аса шебер, өте өнерлі

Хат танымайды, сауатсыз (қандай?)

 

Істегенін сездірмеді (не істеді?)

Ұялмады, қысылмады

Сары уайымға салынды

Тыныштық көрмеді, демалмады

Састырды

Аяды, есіркеді, мүсіркеді

Қатты қорықты, үрейі ұшты

Қорқытты, үрейін алды

 

Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.

 

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.

 

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

0,0(0 оценок)
Ответ:
andrew120885p09zsu
andrew120885p09zsu
08.03.2022 08:21

Жауаптары:

1. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.

  Д) Жалаң.    

2. Атаулы сөйлемді табыңыз.     Е) Жап-жасыл дала.

3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.

Е) Адам туған жерін аңсайды.

4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

    С) Су-тіршілік көзі.    

5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

Д) Теледидарды көп қарайсың ба?    

6. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

    В) Қорға.    

7. Сөйлем мүшелері талданбайтын сөйлем түрін белгілеңіз.

А) Атаулы    

8. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз.  Қыс. Күн суық.

А) Атаулы.    

9. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Таң атты.    

10. Сөйлемнің түрін көрсетіңіз.  Түн. Тыныштық.

   С) Атаулы.  

11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.   Гүлдей бер, туған жерім.

   В) Лепті.    

12. Сөйлемді аяқтаңыз: Қыста ... ... .

А) Боран соғады.    

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

   Д) Елімізде өзгерістер көп.   

14. Ойды аяқтаңыз:  Табиғат адамдардан қамқорлық ... .

  Д) күтеді   

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

  Е) Хабарлы.

16. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бақылау жұмысы болды.    

17. Сөйлемнің түрін табыңыз.  Қыс. Аппақ қар.

Е) Атаулы.

18. Сөйлемді толықтырыңыз.  Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған... байлығы.

   Е) Рухани.

19. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

   Д) Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті.

20. Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.

   В) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.    

21. Жалаң сөйлемді табыңыз.

   Е) Уақыт жоқ. 

22. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.   Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

  Е) Жақты.

23. Атаулы сөйлемді табыңыз.

    В) Қыс. Сары аяз.    

24. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.  Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

А) Сұраулы 

25. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жайылма.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота