Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңінен автор бейнесі таныла ма? - Ақын қандай тұлға? Өлеңнен оптимистік, реалистік, патриоттық сарын байқала ма?
- Оптимист, реалист, патриот (елжанды) деген кім? Қалай түсінесіңдер?
2. Өлеңнен автордың көзқарасын білдіретін жолдарды тауып, "Қос жазба" күнделігі арқылы түсіндір.
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей
Кей кезде көсем, дана да болдықЕсейдік енді ақтықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)
Піспеген әлі шала шығармын
Есейдік енді ақтықты беріпҮйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар
Кешіре көрші анашым бәрін
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)
Тағдырын білем қояды сұрақ
Жаппасын қатты есігін бірақ
Басымды иіп отырмын мұңды
Өзен мен көл туралы.
Өзен дегеніміз - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.
Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды.
Кең байтақ еліміз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км2 асады. Көлді аудандар қатарына Каспий маңы және Тұран ойпаттары, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқаның аласа таулы бөліктері мен оңтүстік - шығыстағы таулы аудандар жатады.
Еліміздегі көлдердің тереңдігі 2 м-ден 8 м-ге дейінгі аралықта ауытқып отырады, кей жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі - 54м, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31, Марқакөл - 27, Балқаш - 26 м.