Мен білетін ғаламшар Эссе мазмұнына сай қорытынды бөлікті тауып боя.
Қызылжұлдызға астронафтар мен астрономдардың әлі де болса қызығушылығы басылған жоқ. Оның себебі, Қызылжұлдыз әлі де болса зерттеліп болған жоқ. Оны бастапқыда телескоптың көмегімен бақылаған астрономдар қазір ғарыш кемесі не спутниктік роботтардың көмегімен анық көре алады. Оның бетінде шартты түрде құрлық деп аталатын қызыл сары түсті дақтар көрінеді. Ол дақтар кейде жарықтың түсуіне қарай сәл қоңырлау болып та байқалады. Сондай-ақ, Марстағы ақ дақтар жыл мезгіліне сай да өзгеріп тұрады. Бірде қою бұлт тәрізді болса, кейде сиреп көгілдір тұманға ұқсас болып келеді. Марс дискісінің солтүстік және оңтүстік полюстік бөліктері өте жақсы бақыланады. Осылардың негізінде Марс бетінің 1°-тық дәлдікпен түсірілген картасы жасалды. Америкалық «Маринер» сериялы стансалары түсірген фотосуреттен Марста Ай бетінің рельефіне ұқсас көптеген сақина таулар немесе кратерлер бар екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, Қызылжұлдызда атмосфера бар екендігін білеміз. Ондағы атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмір қышқыл газы (СО2), су буының іздері бар екендігі анықталды. Алайда Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, қандай да бір мақұлық болуы мүмкін деген болжаммен мен де келісе алмаймын.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.