Менің білуімше... 75-сабақ Әр күннің күн райын оқулықтағы мәтінге қарап, толықтырып жаз. Біз бүгін тауға шықтық. Дүйсенбі Таудағы демалыс өте жақсы өтті. Бүгін ешқайда шыға алмадық. Сейсенбі Бүгін суға түсуге қолайлы күн болды. Сәрсенбі Бүгін батпырауық ұшыра ал- маймыз. Бейсенбі
Мен теледидар көруді кіші кезімнен бастап ұнатамын. Өз бөлмеңде отырып, басқа жерге саяхаттай алу қандай керемет! Маған ұнайтын телебағдарламаға тоқталатын болсам, ол "Пәтер мәселесі". Бұл бағдарламаның басты мақсаты - пәтерлерді жөндеу және пәтер иелерін таң қалдыру. Анам дизайнер болғандықтан ба, білмеймін, бұл іске деген құштарлығым бар. Қандай түс қандай бөмеге келеді, қандай жас аралығында, қандай бағаға деген сұрақтарға жауапты жаңағы телебағдарламадан таба аласыздар. Менің болшақтағы армандарымның бірі - дәл сол бағдарламадағыдай адамдардың үйлерін әрлеп, оларды қуанту. Әсіресе, мен бұндай жақсылықты ауылды жерде тұратын, ақшасы аз және жастары үлкен азаматтарға жасаушы едім. Қаладағы адамдардың дизайнер жалдауға мүмкіндігі болса, ауылдағы адамдардың ондайға көбінесе ақшасы жете бермейді. Сол себептен, ол кісілерге қол ұшымды беріп, әлеуметке пайдалы іс-шарамен айналысқым келеді.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
Кітапхана туралы диалог.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!