Мен, Бауыржанұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым қазақ. 2011 жылы Семей қаласындағы №6
мектеп-гимназияның бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің
6-сыныбында оқимын.
Қазақ тілі ана тілім. Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа біле-
мін. Мектептегі баскетбол үйірмесіне қатысамын. «Химия» пәні бойынша
мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым
Ата-анам, әпкем және інім бар.
Семей қаласы Абай көшесі, 15-үйде тұрамын.
переведите
Әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алды деудің өзі қиын болып тұр.Еңкейген баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілердің құлы болды. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Мысалы, әлеуметтік желілердің түрлерін және пайдасын мен зиянын айта кетейік. Әлеуметтік желілердің түрері: В контакте, Facebook, Twitter,Однаклассники,M-agent, Whatsapp,Instagramm,Viber,Другвокруг,Cacao Talk,Line,Imo,Skype, міне, осындай әлеуметтік желілер бар.Өзімнің әлеуметтік желілер туралы ой-пікірімді сіздермен бөлісуді жөн санап отырмын. Енді пайдасын мен зияның айта кетейін. В контактенің қолданушылардың жасы 16-30 жастар аралығында.Пайдасы достарынмен араласып, хат алмасып отырасың. Туыстарыңның,достарыңның фотоларың көресің. Жаңалықтан құр қалмайсың.Неше түрлі видеолар және кинолар көресің, кинотеатрға бармай-ақ. Бұрынғы аталырымыз бен апаларымыз тыңдап келе жатқан әндерді және қазіргі заманғы әндерді таба аламыз. Группа деген бар,ол жерде неше түрлі нәрсе білуге болады.Мысалы, жұлдыздар туралы күнделікті жаңалықты оқисын.Ғылым мен техника саласында не болып жатқаның біліп тұрасың.Тіпті, адамдарға әдемі айтылған нақылдарды тамсана қарап оқисың. Зияны ол адам сол әлеуметтік жүйеге тәуелді болып кетеді.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.