Мен бессайысшы боламын Апасы Темірді маңдайынан иіскеп, еркелете бауырына қысты.
– Әлгі мылтығың не, түсіндіріп айтшы, – деді ол Темірге қарап.
– Апа, біз бүгін бірінші рет тирде мылтық аттық.
– Ат спортын қойдың ғой?
– Жоқ, оған да қатысамын.
– Мүмкін, онда суға жүзуді тоқтататын шығарсың! – деді таңдана.
– Неге? Оны тастамаймын. Мен бессайысшы клубына барып жүрмін ғой.
– Сонда осының бәріне баруға уақытты қайдан табасың? Әр нәрсенің басын бір шаламын деп жүріп, ақырында бәрінен жұрдай боларсың. Оныңды қой. Оқуыңды оқы, спорттың бір түрімен айналыссаң да жетер.
– Апа, бір әңгіме айтайын, тыңдаңызшы, – деді Темір қиыла өтініп.
– Ал, айта ғой, – деп, апасы баласына сынай қарады.
– Ерте, ерте, ертеде ме, әлде біздің осы заманымызда ма, бір жерде соғыс болып жатыпты, – деп, Темір сәл жымия сөйледі. Ол әңгіме айтқанды да жақсы көретін.
– Сонда әскердің шағын бір тобы жау қоршауында қалып қойыпты.
Бір офицер атысып-шабысып жүргенде астындағы аты мерт болып*, өзі өзеннен малтып өтіп, одан әрі жаяу жүгіріп, әскердің негізгі тобына хабар жеткізеді. Осыдан кейін спорттың бессайыс деген түрі пайда болыпты.
– Сенің де сондай болғың келеді ғой, шамасы, солай ма?
– Иә.
– Жарайды, балам, «Талапты ерге нұр жауар» деген, талабыңа жет, – депті апасы.
1. Мәтінге үш сұрақ қой және жауап бер.
2. Мәтінге жоспар құр.
«Қысқы ойын».
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қалың қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп, зулатып сырғанақ тебеді. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, құмарлары қанғанша армансыз ойнап, біраз тынығады. Ендігі кезекте Аяз атаны тосып, шыршаны әсемдейді.