Менің досымның өнері Ою-өрнектердің мағынасын тап.
Саша:
– Алан, мынау қандай әдемі ою! Өзің салдың ба?
Алан:
– Иә, Саша, өзім салдым. Бұл ою «құс қанаты» деп аталады. Ол «құстай биікке ұш» деген мағынаны білдіреді.
Саша:
– Керемет! Тағы қандай ою-өрнектер бар?
Алан:
– Ою-өрнектің түрі көп және әрқайсының өз мағынасы бар. Мысалы, «қошқармүйіз» байлықты, «гүл» оюы достықты, татулықты, «шеңбер» оюы ұзақ жолды білдіреді.
Саша:
– Қандай қызық!
«Қошқармүйіз» оюы
«Гүл» оюы
«Құс қанаты» оюы
«Шеңбер» оюы
ұзақ жол
биікке ұшу
достық, татулық
байлық
Артқа
Тексеру
Менің досымның өнері
Ою-өрнектердің мағынасын тап.
Саша:
– Алан, мынау қандай әдемі ою! Өзің салдың ба?
Алан:
– Иә, Саша, өзім салдым. Бұл ою «құс қанаты» деп аталады. Ол «құстай биікке ұш» деген мағынаны білдіреді.
Саша:
– Керемет! Тағы қандай ою-өрнектер бар?
Алан:
– Ою-өрнектің түрі көп және әрқайсының өз мағынасы бар. Мысалы, «қошқармүйіз» байлықты, «гүл» оюы достықты, татулықты, «шеңбер» оюы ұзақ жолды білдіреді.
Саша:
– Қандай қызық!
«Қошқармүйіз» оюы
«Гүл» оюы
«Құс қанаты» оюы
«Шеңбер» оюы
ұзақ жол
биікке ұшу
достық, татулық
байлық
Артқа
Тексер
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Табиғаты
Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.
Халқы
2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.