В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mazyrin91p08sby
mazyrin91p08sby
25.08.2021 09:48 •  Қазақ тiлi

Мен елімнің болашағымын》тақырыбы бойынша қосымша мәлімет жина. 《еліңнің ертеңі үшін сен не істей аласың? 》деген сұраққа жауап беріп, диаграммасы толтыр. диаграма бойынша ойыңды дәлелде.  ​

Показать ответ
Ответ:
mafobe66
mafobe66
07.09.2021 07:07
АСТАНА — Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны

      Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

            Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға батылдық жасағалы отырмыз.

            1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, ба зі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде «Қазақстанның ордасы Қызылорда» деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған «Астана» өлеңінен де аңғарылып тұр.

            

            1929 жылы астана Алматыға қоныс аударғанда Ілияс Жансүгіров «Жаңа астана» атты очерк жазып: «Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді. Алматы—астана болды. Қазақстанортасы—ордасына орнықты. Қазақстан еңбекшілерінің ұйтқысы—орталық, өкімет мекемелері басты ұйымдар жаңа қонысына ірге тепті» деп қуанды. Қазақстан орталығы, Қазақстан ортасы, ордасы деген түсініктерді Ілияс та астана сөзімен жарыстыра қолданады. Бір кездегі сарай, орда, астана сөздерінің елдің қоғамдық саяси өміріне, тарихи кезеңдеріне байланысты мәні, атқарар жүгі алмасып отырған тәжірибеге сүйенсек, астана енді қала атауына түпкілікті ауысып, ол ұғымның қызметін басқа балама атқаруы тиіс. Мыңжылдық қолданбасы бар, бір кездерде осы мағынаны білдірген орда атауының елорда түрінде қайта оралуы бүгінгі Астанамызға шартты құбылыс.

            
                     

          
0,0(0 оценок)
Ответ:
llllsaaaaaa
llllsaaaaaa
19.11.2022 17:40

Шахмат ойыны туралы.

Шахмат - ақыл - ойды жетілдіруші ойын түрі. Шахмат сөзі парсы тілінен аударғанда "шах" - патша, "мат" - өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең кең таралған ойындардың бірі саналады. Бұл спорт түрінің отаны - Үндістан.

Шахмат ойыны екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын адамның ақыл - ойы мен, алғырлығын, зеректігін арттырады. Себебі ойын бастау үшін ойыншыда 20 түрлі тәсіл болады, ал қарсыласы 400 - ге жуық айла - тәсілмен төтеп бере алады. Шахмат - байыппен ойналатын ойын түрі.

Осы ойын түрінен демалыс күні мектебімізде жарыс ұйымдастырылған болатын. Бұл жарысқа мектеп үйірмесіне қатысушы оқушылармен қатар шахмат ойынын ойнау білетін кез - келген оқушы қатыса алды. Мен де өз бағымды сынап көруге бел буып, қатысып көрдім. Қарсыласым өзімнен екі сынып жоғары оқитын бала болды. Бірнеше жылдан бері шахмат үйірмесіне қатысып жүрген секілді, ойнаған уақытта өте байыпты, әрбір қадамын алдын - ала ойластырып отырды. Шынымды айтсам, маған қарсыласыма төтеп беру оңайға түскен жоқ. Ойын ортасына дейін жеңіске жете алатнымы күмәнім болды. Дегенмен салқынқандылық сақтап, ойынның аяғына дейін өз қобалжуымды көрсетпеуге тырыстым. Сонымен эндшпильге келгенде өзімнің күшіме сеніп, ақырында қарсыласыма "шах" және "мат" беріп, жеңіске жеттім.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота