В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
gyon
gyon
17.01.2021 03:31 •  Қазақ тiлi

Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі - әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбінде асығыс-үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді. Маған әкем өзінің өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки таңдыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді: Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау езі үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ? Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей қарады. Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.

1.Мәтіннің негізгі ойы қандай?
A) Әке мен бала арасындағы қарым-катынасты орнату
B) Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы
C) Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету
D) Әкесіне деген екпесін жеткізу
E) Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту

2.Мәтінде суреттелетін кезең
A) Соғысқа дейінгі жылдар
B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай
C) Соғыстың алғашқы жылдары
D) Соғыс кезіндегі жағдай
E) Соғыстан кейінгі жылдар

3.Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз
A) Жағдайды түсінбегендігін
B) Інісінің сөзін қолдамайтынын
C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін
D) Мән-жайға немқұрайлылығын
E) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын

4.Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді?
A) Сабырсыздығын
B) Өзімшілдігін
C) Кеңпейілдігін
D) Бір сөзділігін
E) Қырсықтығын

5.Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
A) Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған
B) Әкесі тек өз үйінін қамын ойлаған
C) Әкесі өзінен гөрі баскалардың камын көбірек ойлаған
D) Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған
E) Әкесінің мінезі ауыр болған

6.Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын?
A) Жеңгесі
B) Көршілері
C) Шешесі
D) Ауыл адамдары
E) Ағасы Я САМ НИЧЕГО НЕ ПОНЯЛ БУДУ ОЧЕНЬ БЛАГОДАРЕН!!

Показать ответ
Ответ:
lokotkovasveta
lokotkovasveta
28.08.2020 18:21

1.С); 2.Е); 3.Е); 4.С); 5.С); 6.Е)

Объяснение:

Мына жерде 1-ші сұрақты түсінбедім ал қалған сұрақтардың дұрыс екеніне көзім жетіп тұр

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота