В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
хагагпррр
хагагпррр
12.04.2023 14:18 •  Қазақ тiлi

Мен мұнайлы даланың перзентімін эссе.
жазып беріңіздерші өтініш?!​

Показать ответ
Ответ:
NikaMar12
NikaMar12
03.12.2020 23:00

Жамбыл Жабаев туралы шығарма.

«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған қазақ халық поэзиясының алыбы, біртуар дара тұлға, өлең сөздің дүлділі, жыршы, жырау, ақын Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында дүниеге келген. Екі ғасырдың куәсы болған ұлы жыршы жоқшылықта өмір сүрген. Есін білген соң әкесі оны ауыл молдаларына сауатын ашуға оқуға берген екен, бірақ молдалардың өзіне көрсеткен қорлықтарына шыдай алмаған Жамбыл оқуын тастап кетеді. Дегенмен, жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Жастайынан домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Тіпті, ежелгі дәстүр бойынша Сүйінбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлейтін сыйынбай» деп өзі жырлағандай, Сүйінбайды үлгі тұтқан, ұстаз санаған.

Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі.

Екі ғасыр куасы болып, жүз жасаған, сағы сынбаған, ұлы дала жыршысы атанған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
faets
faets
24.01.2021 13:08
Кішіпейілділік дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.

Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді.

Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені, ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды.

Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота