Махамбет ақын намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім» толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы, ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет «Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де түпкі идеясы осы еді. Махамбеттің «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңін академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы халық арасынан жазып алған. Туындыда ел ішіндегі ынтымақ-бірлік, адамгершілік-кісілік мәселелері қозғалады. Насихат, үлгі-өнеге сарынында шығарылғандықтан, халықтың кейбір келеңсіз мінездері мен қасиеттерін сынға алады. Мысалы, ««Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана» деп, ақыл-кеңес беріп, кезегі келгенде өзінен шыққан тентек-бұзақыларды тыйып отыратын ақсақалдың, ауыл ағасының азайып бара жатқанына өкініш білдіреді. Тегінде тәрбие көрмеген кейбіреулерден «Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама!» деп түңіледі. Соңында «Тірісінде сыйласпаған ағайынды өлгенде құрметтеудің қажеті шамалы» деген түйінді ойға тоқталады.