В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
elizovetadobinda
elizovetadobinda
11.11.2020 07:04 •  Қазақ тiлi

мен сиздерге берем тез тез жауап бериндерш если бугинге деймн берсеңіздер сиздерге а если ертеңге калсан 20или берем

Показать ответ
Ответ:
565п
565п
29.09.2022 11:38
Менің  отаным – қазақстан . қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. қазақстан тәуелсіз мемлекет. сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада қазақстан республикасының ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. қазақ елі өте ған мемлекет. оны басқа шетелдіктерде мойындаған. себебі, қазақстан соңғы он жылдың ішінде түсті, көркейіп, өз жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.  қазақстан   мұнай мен газ, қ өнеркәсібі өте бай ел. көмір де қазып алынады. қ өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. пайдалы қ негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. өзге шетелдіктермен саудаласып, .  қазақстан   күн сайын , көркейіп жатыр. осындай елмен әрине мақтанасын. қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Onewood
Onewood
17.01.2020 06:52

қаланы көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштар олардың негізгі қасиеттеріне және көгалдандырудағы мақсатқа орай таңдалып алынуы шарт. айтарлық, қала халқының демалыс орны болатын жерлерге осы ағаштардың белгілі бір түрлері ғана жарасса, тұрғын аудандарды желден қорғау, өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлу үшін басқа бір ағаш түрлері пайдаланылады. осыған байланысты қалаларды көгалдандыруға арналған ағаштарды жалпы, шектелген және арнайы мақсатта егілетін деп үш топқа бөледі [1].

жалпы халық тұтынатын ағаштарға парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен көшелердегі жасыл желектер жатады. олардың әрқайсысының өзіндік функциональдық ерекшелігі бар және елді мекендерді көркейтудегі маңызы зор. бұл ағаштарды халықтың тығыздығына қарай пайдалануға тиімді етіп отырғызу қажет.

қала халқының белгілі бір бөлігі ғана пайдаланатын өсімдіктерге оқу орындарының, ғылыми  — зерттеу институттарының, мен емдеу  — сауықтыру мекемелерінің, өнеркәсіп орындарының төңірегіне және тұрғын аудандардың ішіне отырғызылатын ағаш  — бұталар, гүлдер жатады. бұлардың түрлерін таңдап алу кезінде олардың функциональдық ерекшеліктерін есте мықтап ұстау қажет. себебі, белгілі бір мақсатқа орай отырғызылатын өсімдік түрлері де әртүрлі болмақ. мәселен, мектеп маңына егілетіндерінің түрлік құрамы табиғаттану мақсатына орай барынша бай болуы тиісті. ал емдеу  — сауықтыру және мекемелері үшін санитарлық  — гигиеналық қасиеттері басым өсімдіктер қажет болса, басқа бір орындарға сәндік өсімдіктерді отырғызған тиімді. өнеркәсіптік мекемелер еңбекшілерінің жұмыс істеуіне, дем алуына қолайлы орындар жасауға қажет өсімдік түрлерін таңдап ала білу шарт.

қандай мақсатта отырғызылатына қарай, әрі биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ағаш  — бұталар таңдап алынады. мысалы, су эрозиясын тоқтату үшін тамыр жүйесі барынша тармақталған, әрі қуатты ағаш тұқымдарын пайдаланған абзал. батпақты жерлерді құрғату үшін буландырғыш қабілеті жоғары, ал автомобиль жолдарының бойына газ, түтін және шаң ұстағыш ағаштар отырғызудың қажеттігін жоғарыда айтып өттік.

баққа оранған парктер салу үшін әртүрлі безендіру, гүлдендіру (, бордюрлар, миксборгерлер, партерлер, пергольдер салу) жұмыстары жүргізіледі. олар парктер мен бақтарды, скверлер мен бульварларды, үйлері мен қоғамдық мекемелердің, мектептердің, зауыт  — фабрикалардың территорияларын сәндендіріп, сұлу ғимараттардың архитектуралық бейнесін аша түседі.

гүлмен безендіріп, көркейту жұмыстарына орай оған тартымды рең беретін түсті таңдап ала білудің де маңызы зор.

ғажолдармен бөлінбеген, әртүрлі қ формадағы, шағын, небары 10–15 шаршы метр болатын бөліктер жатады. оларға негізінен топырақ бетін жауып тұратын әртүрлі гүлді өсімдіктер, жапырақтары сәнді самшит, юкки тәрізді бұталар да егіледі. ң құрамына газондар да кіреді. рабаткалар деп ұзақ гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер егілген, пішіні төртбұрышты бөлікті айтады.

бордюрлергеқандай да болмасын бір көгал алаңды сыртынан қоршап тұратын, гүлдеп тұрған немесе жапырақтары сәнді өсімдіктерден тұратын жіңішке алаптар жатады. бордюрлер гүлмен безендіру жұмыстарында жиі қолданылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота