Талай саңлақтарымыз алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайраттай өр рухты қайсар ұлы, Сәбира мен Ләззаттай батыр қыздарымыздың жігері мен батылдығы талай қазақ жастарына үлгі болып, патриоттық рухын оятты. Қазақ – батыр халық, ержүрек, намысшыл халық. Ел басына күн туса, ел үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Еліміздің ұлы мерекесі – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні жылдан жылға президентіміздің қолдауымен биік дәрежеде аталып өтуде. Бұл күндері күллі қазақ – үлкені де, кішісі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы, көрген қиындықтарын еске алып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізге, өткенімізге көз жүгіртеді. Бұл күнде ойымызға тәуелсіздік құрбандары оралатыны хақ. Қазір де біз сол батырларымыздың арманы орындалған, мемлекет құру мақсатына жеткен ашық аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат.
Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.
Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегі Қайрат, Ләззаттардың жалғасымыз. Біздің міндетіміз –білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.