Мен ғылымның ең қажетті соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажеттісі - менмін» тақырыбында 60-80 сөзден тұратын хат жазыңыз. Хатта берілген оқшау сөздерді қолданыңыз. РАФТ тәсілі
Р - рөлі - ұялы телефон
А - аудиториясы - адамзат
Ф - формасы - хат
Т-тақырыбы - Мен ең қажетті ғылымның соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажетті менмін …
Оқшау сөздер
Біріншіден, екіншіден, менің ойымша, қысқасы, тіпті, сонымен қатар
1.
Нан, Microzap компаниясы, пеш.
2. С)
3.
Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
"Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме?" деп жатамыз.Меніңше,адам өзгерді.Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.Ал олар туралы жаңалықтар қас пен көздің арасында тарайтыны шүбә келтірмейді.Себебі,бізде "ғаламтор_ дейтін "өрмекші торы" бар ғой.
Өнертабыстың адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.Тіпті, өнертабыссыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес.Алпауыт өнертабыс саналатын, барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр.Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып,адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде.Әрине,көп ізденіс,көп тер қажет.Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін.Олар уақыт үнемдейді,адам істей алмайтын заттарды істей алады.Алайда олардың зияны да болатынын ұмытпаған жөн.
1. Америкалық Microzap компаниясы, технология, өнертабыс.
2. С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
3. Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.
Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.