Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ап қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын,
Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,
Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.
Кім білсін талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Өлеңнен автор бойындағы қандай
қасиеттерді
байқадыңыз
жайдары
қолы ашық, жомарт
ақ көңіл, кеңпейіл
жуас, момын
Пайымдау әңгіме
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.