В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kabaramba
kabaramba
23.02.2020 05:18 •  Қазақ тiлi

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін шығарма​

Показать ответ
Ответ:
iDanee
iDanee
07.01.2021 17:07
Су – тіршілік көзі
Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан (Нұра өзені), Шерубай – Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол. Облысымыздың барлық аймағында 200-600м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жерасты сулары кең таралған. Еуразия кіндігінде орналасқан Ұлытау ішкі суы тұйық алапта жатыр. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар еріген кезде ғана толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80-90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры. Жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Сарысу – Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (қоры 180 млрд текше метр), Ұлытау (қоры 30 млрд текше метр). Осынау кең байтақ жерде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және тағы басқа ондаған көлдер бар. Көлдер шаруашылық маңызға ие. Көпшілігінде олардың жағалаулары шабындық болып келеді. Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ең ірісі – Кеңгір су қоймасы екен. Иә, осынша кең, байтақ даламызда мемлекетіміздің өзге жерін былай қойғанда, орталық өңірде қаншама баға жетпес байлық бар! Тілерсегің майысып, иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу – бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа. Себебі, мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер. «Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатумен жоғары жақтағылардың айналысары анық. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Аллаһтан су сұрап, тасаттық беру ше? Сусыз қалған қала мен дала! Сұмдық, мұндай жағдайға жете көрмейік! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін-ау… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу-ақ, ол – жер шары. Жер шарының ¼ бөлігін құрлық алып жатса, ¾ бөлігін су алып жатыр. «Жаздың қыс болғанынан, қыстың жаз болғанынан сақта» деген, жазда судың мол болуын, ал қыста Бұтаға жабу кидірген, Боранға қарын үйдірген, Қыздың бетін қызартқан, Мұздың бетін ұзартқан қызыл шұнақ, қатал қыстың тілеуін тілеген ұрпақпыз. Қыста қар мол түссе, жазда мол жауын жауса, табиғат өз заңдылықтарын жоғалтпаса, осының бәріне адамның «тырнағы» батпаса, болашаққа нық сеніммен, мұрамен қадам басамыз деп ойлаймын. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар! А.Шакина, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Sanyapro2002
Sanyapro2002
15.03.2021 21:36
Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне cәйкес күніне 294 миллиард email жіберіледіАтауларЕгер Еуропада, Америкада және басқа аймақтарда «e-mail» жазылуы іс жүзінде бірнұсқалы болса, ал орыс тілінде недәуір нұсқалық қатысады. email кирилликалық мәтіндерінде неғұрлым жиі қолданылады, яғни латынша жазылуы транслитерациясыз (басқа формдардың визуалды түйсіктері жаманырақ). Бірақ басқа жазуларды да кездестіруге болады.• Электронды пошта• Имейл,мейл• Е-мейл,емейл,емайл• Мыло (ағылш. жай сөйлегенде)• Пошта (электронды поштаның қысқартылуы)Сөздікте дұрыс жазылуы әлі бекітілген жоқ. Грамота.ру анықтамалық бюросында Е.Ваулина «мой компьютер» сөздігінде е-майл және е-мэйл деп жазылу ұсынылған, бірақ мұндай жазылу әдеби нормаға сәйкес келмейді делінген, сонымен қатар, басқа жауапта - e-mail жазылуы ұсынылған.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота