В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
исмира4
исмира4
24.01.2022 21:03 •  Қазақ тiлi

Метафора,эстетика деген не?​

Показать ответ
Ответ:
Раола
Раола
23.01.2021 12:17

ответ:Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафора мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым.

Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”

“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).

Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.

“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).

Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады

Объяснение:

Метафора мысал: “Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б.  

Эпитет:

түсті (алтын күз);

әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу

құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

атақ-дәрежені (алтын жаға);

қазына-байлықты (алтын сандық);

жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота