МИНУТЫ ОСТАЛОСЬ 3 тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.
Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.
Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.
Табиғатты қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз тартылып орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды, осының бәріне кім кінәлі Әрине ,адам бәрі адамдардың рақымсыз істерінен , кешегі табиғаттың тамаша кездерінде өмір сүрген ата- бабаларымыздың ескерпелерін орындаманың кесірінен десекте болады.
Тіл туралы мақал – мәтелдер.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
22. Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
23. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
24. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
25. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.
Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
Айрылған болсаң еліңнен,
қуатың кетер беліңнен.
Айрылған ел — азады,
Қосылған ел — озады.
про мой язык:
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.