Алматы (1921 жылға дейін — Верный;) —Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 485 496 адам тұрады (2013).Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,3 миллионды құрайды 2005 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 жылы алдынғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.
2005 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 жылы алдынғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.