В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dilyahashimova
dilyahashimova
20.01.2020 09:45 •  Қазақ тiлi

мне знормальный ответ Правельный">


мне знормальный ответ!! Правельный

Показать ответ
Ответ:
karinademina8
karinademina8
14.01.2020 14:19
Жіңішке сымға тартқан әні қандай. ған тәні қандай. ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, толықсып толып тұрған сәні қандай. еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, тамған майда бұлбұл сөзі қандай. жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай! күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, қайнамас оны көріп кімнің іші? алмас қылыш жүзіндей аударылған, сүйгізіп көлеңкесі әрбір ісі. нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, бойының мінсіздігі онан асып. өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен, мүбәда көрген кісі қиыр шеттен. көлеңкесі күйдіріп күні-түні, есінен екі-үш айда әрең кеткен. талайы ң болған ғашық, уай шіркін! болсайшы деп бізге нәсіп. егерде қамарменен тіл қағысса, құдай ұрып жым болар қара басып. омар да қоя берді бетін қақпай, жүрсе де сонысынан жұртқа жақпай. әркімдер құдалықты ойланса да, қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай. қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген дәулеттің арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде: сұлу қамар, ақын қамар, жаным қамар, қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең, ішкендей кәусар суын мейірім қ дегендей өлеңдер сол маңайдағы ң аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы еді. және бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе: "уай, шіркін! мынау қамардай екен! " десуші еді. кей уақыт қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп кеткендері де әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса да: "қамар маған сүйдеді, бүйдеді" деп, неше күндей әркімге бір әйгілетіп, даурығуға со да жетуші еді. қамар осылай әркімнің көзіне күйік болған қалпымен күннен-күнге құлпырып, он бес жасына жетті. бұл кездері баяғы теңмін деп құмартып, құлқынын құртып жүретін замандастарынан жоғары секілді телміріп жазған өлеңдер, хаттар судай ағылып келсе де, кейбіреулерін жауапсыз жыртып, кейбіреулерін өзінің шешендігімен жебедей жерге енгізіп, енді қайтып бас көтеруге жаратпай тастай беруші еді. сол кезде аса жақын болмаса да, омарларға үш-төрт атадан барып қосылатын сарбас деген ауылда жәуке деген кісінің оқу соңында жүрген жиырма бір жаста ахмет есімді бір жақсы зерек бар еді. жәуке өзі нашар кісі болса да, бар тапқан-таянғанын жалғыз ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір молда атына іліктіріп еді. бертін келген кездерде жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті. аса байып кете қоймаса да, өзіне-өзі тоқ, жақсы ғана дөңгелек ауқат та бітті. бұл сарбас ауылы осы омекеңдермен ыңғайлас, жазғы, қысқы қоныстары бір, аралас-құралас еді. ахметпен омардың үлкен - қасен құрдас һәм жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді. бірінсіз бірі тыншып тұрмас еді. мұсылманша оқуды екеуі сабақтас болып оқып рушді сыныфтарын* бітіріп, онан соң ауылнай школда оқып тәмамдаған соң қасенді әкесі гимназияға енгізіп, ахмет қолының қысқалығынан онан артық ұзай алмай қалғандығына бірсыпыра жыл болып еді. ахмет онан соң да тағы талпынып оқып, иғдади сыныфтарын** бітірді. бертін уақыттарда үлгілі жерлерді аралап, тәртіп, дүние танығысы келсе де, қартайған әкесін қимай, өзі жалғыз болған соң қайтерін білмей қарайлап жүрген жайы бар еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Diana102004
Diana102004
09.05.2021 22:52

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота