Молекулалық-кинетикалық теория Молекулалық-кинетикалық теория
Молекулалық-кинетикалық теория заттарды жеке бөлшектердің (атомдар мен молекулалар) жиынтығы ретінде қарастырады және заттың әртүрлі күйінің қасиеттерін, бөлшектердің кинетикалық энергияларын потенциалдық энергиясымен өзара тартылу күштерін салыстыру арқылы түсіндіреді.
Газ тәріздес заттар
Молекулалық-кинетикалық теория тұрғысынан қарағанда газдар – бір-бірімен байланыспайтын және бүкіл көлем бойынша еркін қозғалатын бөлшектер жиынтығы.
Газдардың нақты пішіні мен көлемі жоқ, себебі бөлшектер өздерінің ретсіз қозғалуына орай барлық қол жетімді кеңістікті толтырады.
Бір заттың басқа заттың көлеміне сәйкес өзара еркін таралу құбылысын диффузия деп аталады.
Сұйық күйіндегі заттар
Сұйықтық – қатты және газ тәріздес заттар аралығындағы аралық күйде болатын заттың сұйық агрегаттық күйі. Сұйықтықтағы бөлшектер газдардағы сияқты еркін қозғалады, бірақ бөлшектер арасындағы арақашықтық әлдеқайда аз болады.
Қатты күйдегі заттар
Қатты заттар бөлшектер еркін қозғала алмайды, олар тұрақты позицияларда берік орналасқан. Қатты денелердің ішкі құрылысы бөлшектердің, атомдардың, иондардың және молекулалардың тұрақты орналасуымен сипатталады. Мұндай қатты денелердің құрылымында әр түрлі кристалдық торлар болады.
Молекулалық-кинетикалық теория – Mолекулярно-кинетическая теория – Molecular kinetic theory
Броундық қозғалыс – Броуновское движение – Brownian motion
Бөлшектердің қозғалысы – Движение частиц – Motion of charged particles (particle motion)
Пішін – Форма – Form
Көлем – Объем – Volume
Сығылуы – Сжимаемость – Сompressibility
Диффузия – Диффузия – Diffusion
Беттік керілу – Поверхностное натяжение – Surface tension
Тұтқырлық – Вязкость – Viscosity
Кристалдық – Кристаллический – Сrystallic (crystalline)
Кристалдық тор – Кристаллическая решетка – Сrystal cell
Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың қасиеттері
Газдардағы бөлшектер
бір-бірінен алшақ орналасқан, бос кеңістік өте көп;
бір-біріне әлсіз тартылады;
ретсіз және еркін қозғалады.
Сұйықтықтағы бөлшектер
жақын орналасқан;
бір-біріне едәуір күшті тартылады;
әрдайым бір-бірімен жылжып, ретсіз және еркін қозғалады.
Қатты денелердегі бөлшектер
бір-біріне өте тығыз орналасқан, сондықтан оларды сығу қиын;
өте күшті тартылады, сондықтан олар еркін қозғала алмайды;
қозғалмайтын нүкте маңында дірілдейді, бірақ бір жерден екінші жерге қозғалмайды.
2. Бөлшектердің молекулалық-кинетикалық теориясына сүйеніп, қатты, сұйық және газ
тәрізді заттардың қасиеттерін түсіндір.
3. Оқушы үйінде тәжірибе жасап көрді.
Бос бөтелкенің аузын қақпақпен жауып
тоңазытқыштың мұздатқышына қойды. 5 минут уақыттан соң бөтелке ішінен ауасын сорып
алғандай бөтелкенің қабырғалары ішке қарай қабысып қалды. Бұл құбылыстың себебін
түсіндір.
Егер мұздатқыштан бөтелкені алып шықсақ бұрынғы қалпына келе ме? Себебін түсіндір.
ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Қасиет 1: газдар жеңіл және жылдам
араласады.
Түсіндірмесі:
Қасиет 2: металдар жылуды жақсы
өткізеді
Түсіндірмесі:
Қасиет 3: қатты заттар немесе сұйықтық бірдей көлемде газдардан
едәуір ауыр болады.
Түсіндіру:
4
4. Судың үш агрегаттық күйде болуының маңызды сипаттамасы – бір күйден екінші күйге
Жазғы Олимпи́ада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін жазғы және барлық маусымдық спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1896 жылдан бастап өткізледі.
Қазақстан намысын қорғаушы спорт майталмандары да әр төрт жыл сайын осы айтулы додаға аттанады. Еліміздің мақтанышына айналған Олимпиада чемпиондарымыз да бар. Илья Илин, Серік Сапиев, Мая Монеза сынды чемпиондарымыз еліміздің намысын қорғап, көк байрағымызды әлем алдына шығарған.
Сәпиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылы 16 қарашада дүниеге келген) Қазақстандық әуесқой боксшы Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген, өмір сүреді және поезд жүргізеді. Тренер - Александр Владимирович Стрельников Екі дүркін әлем чемпионы (2007, 2009) Азия ойындары жеңімпазы (2010).Бірқатар ірі турнирлердің медальдар мен жүлделерінің лауреаты. Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі, 2008 жылы Пекинде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, ол 64 келіге дейін жартылай финалға шықпай, салмағын жоғалтып, 69 кг салмаққа көшті. Лондондағы 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында финалда жарыс иесі - британдық Фредди Эванс 17-9 есебімен жеңіп, 69 кг дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.