Ұлттық нақыштағы киімдер қазіргі заманда өте сәнді деп ойлаймын. Қазіргі таңда сәнді киім кию бұл заман талабы. Бірақ өкініштісі шет елдің брендін таңдап жатады және еліктеу басым болып отыр. Сондықтан қазір дизайнерлеріміз еліктегіш жастарымызға арнап шетелдік стильде, бірақ қазақтың ұлттық ою-өрнектерін нақышына келтіріп тігіп шығарып жатыр.
Барлық сән үлгілері қазір дизайнерлердің қолында. Әдемі, әрі ыңғайлы, жарасымды және ең бастысы қалта көтерерліктей болса,қыз-келіншектеріміз қуана киер еді. Отандық киімдер қазіргі кезде аздап қалта көтерерліктей емес, себебін сұрасаң қолдан тігілген (ручная робота) деп жауап қатады. Егерде отандық өнімнің бәсекелестік жағдайға түссе, бағасы жағымды болар еді,сонда қыздарымыз ойланбастан екі-үшеуден сатып алар еді.
Қазір әлеуметтік желіден көп байқап жатамыз. Түрлі футболкалар қазақи нақышымен, көкірешкелер өте сәнді көрінеді. Тағы байқағаным қазір шет елдің сөмкесі сәнге айналды ғой, шет елдіктердің базарға барғанда жеміс-жидек салып алатын дорбасы, сол сөмкелердің мұқабасына қазақша сөздер, шашбаудың, қазақтың сәукеле киген қызын бейнелепті. Өте әдемі маған ұнады.
Өзіңіз ойлап қараңызшы әдемі тізеден келетін көйлек сыртынан таңғы салқынға оюлары бар кеудеше киіп, мойныңызға ұзындау келген қазақи алқа, жанағы айтқан сөмкемен, аяғыңызға спорттық аяқ киім жараса кетер еді иә?!
«Менің Қазақстаным»
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
«Туған жерім»
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Ұлттық нақыштағы сәнді киімді таңдаймын
Ұлттық нақыштағы киімдер қазіргі заманда өте сәнді деп ойлаймын. Қазіргі таңда сәнді киім кию бұл заман талабы. Бірақ өкініштісі шет елдің брендін таңдап жатады және еліктеу басым болып отыр. Сондықтан қазір дизайнерлеріміз еліктегіш жастарымызға арнап шетелдік стильде, бірақ қазақтың ұлттық ою-өрнектерін нақышына келтіріп тігіп шығарып жатыр.
Барлық сән үлгілері қазір дизайнерлердің қолында. Әдемі, әрі ыңғайлы, жарасымды және ең бастысы қалта көтерерліктей болса,қыз-келіншектеріміз қуана киер еді. Отандық киімдер қазіргі кезде аздап қалта көтерерліктей емес, себебін сұрасаң қолдан тігілген (ручная робота) деп жауап қатады. Егерде отандық өнімнің бәсекелестік жағдайға түссе, бағасы жағымды болар еді,сонда қыздарымыз ойланбастан екі-үшеуден сатып алар еді.
Қазір әлеуметтік желіден көп байқап жатамыз. Түрлі футболкалар қазақи нақышымен, көкірешкелер өте сәнді көрінеді. Тағы байқағаным қазір шет елдің сөмкесі сәнге айналды ғой, шет елдіктердің базарға барғанда жеміс-жидек салып алатын дорбасы, сол сөмкелердің мұқабасына қазақша сөздер, шашбаудың, қазақтың сәукеле киген қызын бейнелепті. Өте әдемі маған ұнады.
Өзіңіз ойлап қараңызшы әдемі тізеден келетін көйлек сыртынан таңғы салқынға оюлары бар кеудеше киіп, мойныңызға ұзындау келген қазақи алқа, жанағы айтқан сөмкемен, аяғыңызға спорттық аяқ киім жараса кетер еді иә?!
Объяснение:
Топтау сан есім:
Екі-үшеуден