Махаббат пен құмарлық Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей, Миға хабар бермей ме түсi өзгермей. Әдейiлеп көрейiн демесең де, Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей? Сол сықылды көңiлдiң көзi ашылса, Көп ойланып, қиынға сермей-сермей. Бiлер, айтар, оятар, жыбыршытар, Еркiңдi алар, сөйлетер тыным бермей. Ойдан маржан, меруерт төгiлгенде, Отыра алар кiм шыдап оны термей. Дағды қылсаң, дап-дайын iстiң бәрi, Адамзат тұра алмайды әдетке ермей. Бал ашқан соң оп-оңай бақсы болмақ, Ол қоя ма ғайыптан хабар бермей. Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас, Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей. Бiр рюмкадан басталар маскүнемдiк, Наша үстiнен нашаға өрлей-өрлей. Ойласаң, соның бәрi – бiр құмарлық Қуа бермей қайтедi тепши-терлей. Аздан кейiн араны ашылады, Қаза берсе, таусылмас шыққан кендей. Жердiң жүзiн қыларсың бiр-ақ уыс, Бәрiнен де өзiңнiң кеудең кеңдей. Жын да – жын, құмар да – жын, мастық та – жын, Өлең де – жын, қоя ма бойды жеңбей? Шын құмар шымырлатпай қоймас, сiрә, Әр жерге соқтықтырар аққан сеңдей. Әрине, бiр құмарcыз өмiр қараң, Ондай жанның тұра алмас оты сөнбей. Сүйтсе де ифрат бар, тафрит бар1, Жарай ма соны айырып реттемей. Не қылсаң, қыл адамға махаббат деп, Мейлiң сөк, мейлiң үйрет, айла iзденбей. Ол сүюiң шын болсын, жалған емес, Бұлдыр болма өзiңе-өзiң сенбей. Дүниеқұмар, залалкес бола қалсаң, Өлiмдi ойла келерлiк күнi ертеңдей. «Маған сүйтсе, қайтер ем?» деп ойлашы, А ғой о да сендей. Шырақтар, ең құмарың осы болсын «Алла сүйсең, адамды сүй» дегендей. Құмарың бiр, iсiң көп болсын, жаным, Көпке құмар, ерiншек болма мендей. «Молданың iсiн қылма, айтқанын қыл», Ерте сақтан әр iске әдеттенбей. Қапы қалсаң, қайта оқып, тағы да ойла, Деп жүрме: «Сөзiң қалды iшiме енбей». Ой құмар, өлең құмар, малға құмар – Бұл үш құмар қоя ма менi көмбей. Қайрат қайтса, амалсыз бәрi қайтар, Қайран ой қартаяды-ау өзiм өлмей. Ермегiм жоқ, өлiмнен үмiтiм жоқ, Қайтейiн осындаймен көңiл бөлмей.
Ақынның 1879 жылы жазылған «Жастарға» өлеңінің тақырыбы – Абай көтерген білім алу, азамат болу идеясы. Ол қазақы қоғамда парасатты, білімді, әрі ойшыл жан деп Абайды таниды. Ақын Абайдың биік рухын, асқақ арман-мақсаттарын, даналық тұлғасын жан-жақты ашып, жастарға үлгі ретінде көрсетеді.Ақынның «Дүние мен өмір» өлеңі 1885 жылы жазылып, 1912 жылы Семей қаласында «Жәрдем» ба жарық көрген «Қалқаман-Мамыр» жинағының соңғы жағында жарияланған. Шығарманың түпкі түйіні «өзіңе өзің сыншы бол» деген қағиданы арқау еткен. Әрбір қиын іске «қу дүние, сұм дүние» деп өмірді, тағдырды жазғырмай, әр адам өзіне сын көзбен қарасын деген ғибрат айтады.«Ақындарға» атты арнауы ақындыққа, сөз өнеріне қатысты ой-түйіндерінен туындаған. «Тазартып жүрек кірін жуып жатсын» деп, ақындарға қара өлеңнің үлгісімен тыңдаған жанның көңілін ұйытып, көкірегін оятатын, рухани сусын боларлық, жүрек кірін тазартатындай есті өлең жазыңдар деп аманат қылады.Ал Абай үлгісімен 1879 жылы жазған «Кәрілік туралы» өлеңінде ақын жастық пен кәрілікті салыстыра сипаттай отырып, жас шағыңда ізден, талаптан, қайратың қайтып, кәрілік жеткен кезде ештеңеге қайраның болмайды деген түйінді ойды жеткізеді.
Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?
Сол сықылды көңiлдiң көзi ашылса,
Көп ойланып, қиынға сермей-сермей.
Бiлер, айтар, оятар, жыбыршытар,
Еркiңдi алар, сөйлетер тыным бермей.
Ойдан маржан, меруерт төгiлгенде,
Отыра алар кiм шыдап оны термей.
Дағды қылсаң, дап-дайын iстiң бәрi,
Адамзат тұра алмайды әдетке ермей.
Бал ашқан соң оп-оңай бақсы болмақ,
Ол қоя ма ғайыптан хабар бермей.
Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас,
Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей.
Бiр рюмкадан басталар маскүнемдiк,
Наша үстiнен нашаға өрлей-өрлей.
Ойласаң, соның бәрi – бiр құмарлық
Қуа бермей қайтедi тепши-терлей.
Аздан кейiн араны ашылады,
Қаза берсе, таусылмас шыққан кендей.
Жердiң жүзiн қыларсың бiр-ақ уыс,
Бәрiнен де өзiңнiң кеудең кеңдей.
Жын да – жын, құмар да – жын, мастық та – жын,
Өлең де – жын, қоя ма бойды жеңбей?
Шын құмар шымырлатпай қоймас, сiрә,
Әр жерге соқтықтырар аққан сеңдей.
Әрине, бiр құмарcыз өмiр қараң,
Ондай жанның тұра алмас оты сөнбей.
Сүйтсе де ифрат бар, тафрит бар1,
Жарай ма соны айырып реттемей.
Не қылсаң, қыл адамға махаббат деп,
Мейлiң сөк, мейлiң үйрет, айла iзденбей.
Ол сүюiң шын болсын, жалған емес,
Бұлдыр болма өзiңе-өзiң сенбей.
Дүниеқұмар, залалкес бола қалсаң,
Өлiмдi ойла келерлiк күнi ертеңдей.
«Маған сүйтсе, қайтер ем?» деп ойлашы,
А ғой о да сендей.
Шырақтар, ең құмарың осы болсын
«Алла сүйсең, адамды сүй» дегендей.
Құмарың бiр, iсiң көп болсын, жаным,
Көпке құмар, ерiншек болма мендей.
«Молданың iсiн қылма, айтқанын қыл»,
Ерте сақтан әр iске әдеттенбей.
Қапы қалсаң, қайта оқып, тағы да ойла,
Деп жүрме: «Сөзiң қалды iшiме енбей».
Ой құмар, өлең құмар, малға құмар –
Бұл үш құмар қоя ма менi көмбей.
Қайрат қайтса, амалсыз бәрi қайтар,
Қайран ой қартаяды-ау өзiм өлмей.
Ермегiм жоқ, өлiмнен үмiтiм жоқ,
Қайтейiн осындаймен көңiл бөлмей.