В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
sveta484
sveta484
29.12.2022 10:45 •  Қазақ тiлi

Можете с заданием, или написать правила этой темы, на русском языке(Тұрақты тіркестер, Күрделі сөздер, Сөз тіркесі) ​


Можете с заданием, или написать правила этой темы, на русском языке(Тұрақты тіркестер, Күрделі сөзде

Показать ответ
Ответ:
арбуз30
арбуз30
03.02.2022 05:47
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Caflen
Caflen
02.12.2022 08:24
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1]

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Күнтізбе (ағылш. calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. 

негізгі:ақта, бар, сана, қызық, тіле,, жүр, өт, бөл
туынды:бағу, көшу, тазала, тұзда,ақылдас, қыста
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота